Мәтін өлшемін таңдаңыз:
БЦЖ вакцинасы: туберкулезге қарсы екпе
ВГВ вакцинасы: В гепатитіне қарсы
АбКДС вакцинасы
АбКДС-Хиб-ИПВ вакцинасы
АбКДС-ВГВ-Хиб-ИПВ вакцинасы
ОПВ вакцинасы: полиомиелитке қарсы екпе
Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина
ҚҚП вакцинасы: қызылша, қызамық және паротитке қарсы
ДСА-М вакцинасы: дифтерияға, сіреспеге қарсы
А гепатитіне қарсы вакцина
АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы
Қосымша екпелер
COVID-19-ға қарсы вакцинация инфекцияны жұқтыру ықтималдығын, сондай-ақ коронавирустық инфекция кезінде және одан кейін асқыну жайттарын азайтуға көмектесетін профилактикалық шараларға жатады.
КВИ-ға қарсы профилактикалық вакцинаны 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматтарына және елімізде үш және одан да көп ай тұратын шетелдіктерге алуға кеңес беріледі. Сондай-ақ вакцинаны 12 жастан асқан балаларға ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен, жүкті және бала емізетін әйелдерге алуға кеңес беріледі (аталған жағдайларда «Комирнати» вакцинасы қолданылады).
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі, себебі, ауру айтарлықтай қауіп төндіреді және денсаулық сақтау жүйесіне ауыр салмақ түсіруі мүмкін. Вакцинаны тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханада алуға болады.
Қазақстанда екпелердің бірнеше түрі тіркелген — инактивацияланған, векторлық және РНК-екпелер.
QazVac (QazCovid-in) — 18 жастан асқан тұлғаларға екпе салу және қайталама екпе салу үшін қолданылатын инактивацияланған вакцина. Өндіруші: «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты» ҚР БҒМ ҒК ШЖҚ РМК.
Verocell (Sinopharm) — 18 жастан асқан тұлғаларға екпе салу және қайталама екпе салу үшін қолданылатын инактивацияланған вакцина. Өндіруші: Пекин биологиялық өнімдер институты.
«Комирнати» (Пфайзер) — мРНК вакцинасы, бірінші кезекте 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау және ревакцинациялау үшін, сондай-ақ халықтың барлық топтарын вакцинациялау және ревакцинациялау үшін қолданылады. Өндіруші: Pfizer Мануфактуринг Бельгия Н.В.
18 жастан асқан адамдарға КВИ-ге қарсы алғашқы егу екі екпеден тұрады. Бірінші және екінші екпе арасындағы аралық вакцина өндірушісіне байланысты: QazVac — 21 күн, Verocell — 21-28 күн, «Комирнати» — 21 күн.
Екінші доза уақытылы енгізілмеген жағдайда вакцинация курсын қайта бастаудың қажеті жоқ — тек жетіспейтін доза ғана енгізіледі. COVID-19 жұқтыру және басқа да жағдайлар ескерілген барлық ықтимал уақыт аралықтары, сондай-ақ ревакцинация мерзімі «COVID-19: профилактикалық вакцинация не үшін қажет» парақшасында көрсетілген.
| Очень часто ≥1/10, более 10% | Часто ≥1/100, но <1/10, более 1%, но менее 10% | Редко ≥1/1.000, но <1/100, более 0,1%, но менее 1% | Очень редко <1/10.000, менее 0,01% |
|---|---|---|---|
повышение температуры тела; боль в теле и недомогание; головная боль снижение аппетита; утомляемость; боль, отек, зуд, покраснение, повышение температуры кожи в месте вакцинации. | боль и першение в горле; кашель; одышка; заложенность носа; ринорея; лихорадка; тошнота и рвота; расстройство желудка; диарея; артралгия; увеличение лимфоузлов. | головокружение и обмороки; эритема; запор; временный односторонний паралич лицевого нерва; аллергические реакции, такие как крапивница или отек лица; учащенное сердцебиение; боли в области живота; боли в конечностях; неприятные ощущения в глазах. | повышение или понижение давления; задержка менструации; приступы астмы; тремор; носовое кровотечение; язвы на слизистой рта или зубная боль; боль в глазах или затуманенное зрение; ушная боль; приступы гастрита; невралгия. |
Вакциналардың құрамы, қолданылуы және көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты ndda.kz/category/vakciny — ресми сайттан табуға болады.
Вакцинация күнтізбесі
Күнтізбе бетіне өту үшін басыңыз