Жатыр мойны обыры – негізгі себептері
☠ Жыл сайын дүние жүзінде жатыр мойны обырының (ЖМО) 600 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталады, және 300 000-нан астам әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жылына жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Соңғы 20 жылда республикамызда жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 26 %-ға өсті.
Жатыр мойны обырының пайда болу себептері
ЖМО – әлемдегі әйелдерде жиі кездесетін төртінші қатерлі ісік түрі. Қазақстанда статистика одан да сорақы – ЖМО әйелдердегі қатерлі ісіктер құрылымында – сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр.
ЖМО пайда болуының негізгі себебі - АПВ инфекциясы.
Жатыр мойны обырры
Жатыр мойны обырының болжамдары мен қауіптері
ДДҰ 2030 жылға қарай ЖМО (700 000 жағдай) және өлім-жітімнің (400 000 өлім) одан әрі өсуін болжайды. Өлімнің шамамен 90% дамушы елдерде байқаланып жатыр.
Қазақстанда ауруды анықтау шыңы 45 жастан 54 жасқа дейін. Күн сайын елде жатыр мойны обырының 5 жаңа жағдайы тіркеледі. Жыл сайын 600-ге жуық қазақстандық әйел ЖМО-нан қайтыс болады.
ҚазОРҒЗИ мәліметтері бойынша 2022 жылы жүкті әйелдерде жатыр мойны обырының 28 жағдайы тіркелген. Кейіннен науқастардың бір бөлігінде шұғыл босану, сондай-ақ 5 медициналық аборт және 2 өздігінен түсік түсіру болды.
Маңызды: адамның иммундық тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін әйелдерде ЖМО даму қаупі 6 есе жоғары.
Өзіңізді және жақындарыңызды ЖМО-нан қалай қорғауға болады?

АПВ онкогенді түрлері патологиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін, бұл 15-20 жылдан кейін жатыр мойны обырының дамуына әкеледі.
ЖМО-ын ерте диагноз қойып, емдеуді дереу бастау арқылы емдеуге болады. Сондықтан Қазақстанда 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін жеке скринингтік тексеру жүргізіледі.
Әр төрт жыл сайын скринингтік топтағы әйелдер жатыр мойнындағы ықтимал қатерлі ісіктерді анықтау үшін ПАП-тест (Папаниколау жағындысы) тапсыруы керек.
Скринингтерден басқа, 100-ден астам елде АПВ вакцинациясы түріндегі профилактикалық шаралар қолданылады. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Швеция және басқа елдердің тәжірибесі вакцинациядан кейін жатыр мойны обырының төмендеуін көрсетеді.
Қазақстанда 2024 жылдың күзінде АПВ-ға қарсы ерікті вакцинациялауды бастау жоспарлануда. ҚазОРҒЗИ болжамы бойынша бұл болашақта ЖМО- шалдығуды 74,2%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
