Мәтін өлшемін таңдаңыз:
БЦЖ вакцинасы: туберкулезге қарсы екпе
ВГВ вакцинасы: В гепатитіне қарсы
АбКДС вакцинасы
АбКДС-Хиб-ИПВ вакцинасы
АбКДС-ВГВ-Хиб-ИПВ вакцинасы
ОПВ вакцинасы: полиомиелитке қарсы екпе
Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина
ҚҚП вакцинасы: қызылша, қызамық және паротитке қарсы
ДСА-М вакцинасы: дифтерияға, сіреспеге қарсы
А гепатитіне қарсы вакцина
АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы
Қосымша екпелер
Оба – адамды, жабайы және кейбір үй жануарларын зақымдайтын, даму жылдамдығы жоғары және интоксикациясы, қызбасы айқын, лимфа түйіндерінің, тері мен өкпенің зақымдалуымен, қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыра отырып, инфекция адамнан адамға берілген кезде науқастардың өлу деңгейі барынша жоғары және эпидемиялық әлеуеті жоғары болумен сипатталатын жіті инфекциялық процесі ауыр аса қауіпті табиғи ошақтық зооноз.
Бұрын оба өлімнің жоғары деңгейлі кең ауқымды пандемия тудырды. 14 ғасырда оба «Қара өлім» деген атпен танымал болды және Еуропада шамамен 50 миллион адамның өмірін алды.
Қазақстанда обаға қарсы вакцина эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша енгізіледі.
Өндіруші: ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК (Қазақстан)
| Өте жиі ≥1/10, 10%-дан артық | Жиі ≥1/100, бірақ <1/10, 1%-дан артық, бірақ 10%-дан кем | Сирек ≥1/1,000, бірақ <1/100-дан артық, 0,1%-дан артық, бірақ 1%-дан кем | Өте сирек <1/10,000, 0,01%-дан кем |
|---|---|---|---|
— | енгізу орнында: гиперемия, ісіну, ұсақ, ойықтардың бойымен везикулезді бөртпе, инфильтрация | аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденит), лимфангоит дене температурасының бірінші тәулік ішінде 37,5 °С дейін жоғарылауы | дене температурасының 37,5 °С-тан 38,5 °С-қа дейін жоғарылауы |
Инфекция белгілері мен асқынулары және Қазақстанда тіркелген вакциналар туралы толығырақ:
Вакцинация күнтізбесі
Күнтізбе бетіне өту үшін басыңыз