Мәтін өлшемін таңдаңыз:
БЦЖ вакцинасы: туберкулезге қарсы екпе
ВГВ вакцинасы: В гепатитіне қарсы
АбКДС вакцинасы
АбКДС-Хиб-ИПВ вакцинасы
АбКДС-ВГВ-Хиб-ИПВ вакцинасы
ОПВ вакцинасы: полиомиелитке қарсы екпе
Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина
ҚҚП вакцинасы: қызылша, қызамық және паротитке қарсы
ДСА-М вакцинасы: дифтерияға, сіреспеге қарсы
А гепатитіне қарсы вакцина
АПВ вакцинасы: адам папиллома вирусына қарсы
Қосымша екпелер
Жүктілік немесе созылмалы аурулардың болуы сияқты ілеспе жағдайлар адамдарды инфекцияларға осал етеді. Қант диабеті, бронх демікпесі, жүрек және өкпе аурулары жұқпалы аурулардың ағымын нашарлатуы және ауруханаға жатқызу немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың даму қаупін арттыруы мүмкін. Біз өзімізді және жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі бар жақындарымызды қалай қорғауға болатындығы туралы жиі ойлаймыз. Вакцинация - вакцинамен басқарылатын ауруларды алдын алудың негізгі және қауіпсіз әдістерінің бірі. Алайда, біз қандай вакциналар бізге керек екендігін және бұл біздің денсаулығымыз үшін қаншалықты қауіпсіз екендігін білмеуіміз мүмкін. Көптеген жағдайларда вакцинация созылмалы аурулары немесе жүктілігі бар адамдар үшін қауіпсіз, бірақ кейбір жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері бар, оларды төменде тексеруге болады.
Аллергия – бұл иммундық жүйенің патологиялық реакциясы, бұндай жағдайда ағза адамдар үшін қауіпсіз заттарды қауіпті деп санайды. Мұндай заттарға (аллергендерге) тамақ өнімдері, жануарлардың жүні, өсімдік тозаңдары, жуғыш және химиялық заттар, дәрі-дәрмектер және т. б. жатады.
Аллергиялық реакция вакцинаны еккен кезде де дамуы мүмкін. Алайда оның пайда болу қаупі үлкен емес және орташа есеппен миллионға 1 жағдайды құрайды.
Аллергиясы бар адамдар аллергенге жауап ретінде әртүрлі реакцияларды береді – түшкіру, көз жасы ағу, мұрынның немесе көздің қышуы, қызару, Квинке ісігі және тіпті анафилактикалық шок. Аллергиясы бар балалардың ата-аналары дәрігерлерге атопиялық дерматитпен (АТ) жиі жүгінеді – бұл созылмалы тері ауруы, сонымен қатар тамақ аллергиясымен де байланысы бар.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, анамнездегі аллергиялық аурулар (поллиноз, бронх демікпесі және т.б.) вакциналауға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Вакцинаның кез келген компонентіне аллергиялық реакция болған жағдайда ғана вакцинациядан бас тарту керек.
Желатин, латекс, вакциналар құрамындағы микробқа қарсы препараттар, сондай-ақ тауық жұмыртқасының ақуызы, адамда сирек бірақ аллергияны тудыруы мүмкін компоненттерге жатады.
Азық-түлік аллергия, поллиноз, атопиялық дерматит, бронх демікпесі вакцинациялаудан бас тартуға себеп емес!
Вакцина алғаннан кейін бала 30 минут бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болуы керек. Бұл аллергиялық реакциның жедел түрін уақытылы тану үшін қажет.
Тірі вакциналарда вирус бөлшектері бар екенін ескерген жөн. Жасанды түрде әлсірелген, бірақ сонымен бірге тірі вирусқа тап болған кезде ағза иммунитетті нағыз ауруға ұқсас түрде дамытуды үйренеді. Осы себепті, ҚҚП немесе желшешекке қарсы вакциналарды еккеннен 7-14 күннен кейін бөртпе пайда болуы мүмкін – бұл вакциналауға қалыпты реакция. Бөртпе түріндегі кешіктірілген реакциялар ауруға тек ұқсайтынын және аллергия еместігің есте ұстаған жөн.
Вакциналаудан бұрын антигистаминді дәрілерді қабылдау аллергияның нақты белгілерін жасыруы мүмкін. Антигистаминді дәрілер қышу мен есекжем пайда болған кезде ұсынылуы мүмкін – бұл жағдайда оларды қабылдау мәселесін және тәртібін емдеуші дәрігер шешеді.
Инфекциялардың өршуі кезінде вакциналау аурудың ықтимал асқынуларынан және емдеудің жанама әсерлерінен айтарлықтай асып түседі. Жоспарлы түрде егілмеген тамақ аллергиясы, поллиноз, атопиялық дерматит, есекжем бар балаларға төтенше жағдайларда вакцинаны алу көрсетіледі.
Аллергиямен байланысты вакциналауға қарсы уақытша көрсетілімдер:
МАҢЫЗДЫ! Жоғарыда аталған барлық жағдайлар уақытша қарсы көрсетілімдер болып табылады. Жағдайды қалыпқа келтіргеннен кейін және емдеуші дәрігермен кеңескеннен кейін вакцина алуға болады.
Вакциналауға қарсы тұрақты көрсетілімдер:
МАҢЫЗДЫ! Тұрақты және уақытша қарсы көрсетілімдердің толық тізімімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.
Популярные мифы о прививках