АПВ вакциналары
Оларды басқаша «қатерлі ісікке қарсы вакциналар» деп атауға болады. Өйткені олар көптеген қатерлі ісіктерге, көбінесе жатыр мойны обырына әкелетін АПВ онкогендік түрлерімен инфекциядан қорғайды.
Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша жатыр мойны обыры – бұл АПВ-на қарсы әмбебап вакцинацияны енгізу арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік.
АПВ-на қарсы вакцинасы туралы не білеміз?
АПВ-на қарсы алғашқы вакцина шамамен 20 жыл бұрын – 2006 жылы АҚШ-та тіркелген. Осы уақыттан бастап бүкіл әлем бойынша 500 миллионнан астам доза таратылды. Тұрақты тексерулер АПВ-на қарсы вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.
1983 жылы АПВ мен жатыр мойны обыры арасында себеп-салдарлық байланыс орнатқан неміс ғалымы Харальд цур Хаузен бұл жаңалығы үшін медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығын алды. Дәл осы жаңалық «жатыр мойны обырына қарсы вакциналар» атауын алған АПВ-на қарсы вакциналарын жасауға кірісуге мүмкіндік берді.

АПВ вакциналары
Жатыр мойны обырына қарсы күресте тағы нені есте сақтау маңызды?
АПВ-на қарсы вакцинация жатыр мойны обырының тұрақты скринингін алмастырмайды. 30 жастан 70 жасқа дейінгі қазақстандық әйелдер мұндай скринингтік тексеруден 4 жыл сайын өтуі тиіс.
Вакцина АПВ-ның барлық онкогенді түрінен қорғамайды, тек ең көп тарағандары – АПВ16 және АПВ18. Олар дүние жүзінде жатыр мойны обырының 71%-ына жауапты.

